Мектепте ата-аналарға арналған Педагогикалық қолдау орталығы аясында сабақтар өткізілді.
Кездесудің мақсаты — отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, тәжірибе алмасу және балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
Мұндай іс-шаралар «мұғалім — оқушы — ата-ана» арасындағы біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тұлғалық үйлесімді дамуына бағытталады.
5–9 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында сабақтар да өткізілді.




