ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«№ 3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-2-787154
sosh3@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«№ 3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
8
Желтоқсан
2025

        Мектепте ата-аналарға арналған Педагогикалық қолдау орталығы аясында сабақтар өткізілді.
   Кездесудің мақсаты — отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, тәжірибе алмасу және балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
   Мұндай іс-шаралар «мұғалім — оқушы — ата-ана» арасындағы біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тұлғалық үйлесімді дамуына бағытталады.
        5–9 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында сабақтар да өткізілді.

8
Желтоқсан
2025

«Отбасы мен мектеп: бір бағыттағы көзқарас»

Мектепте отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесуде балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері, ата-аналардың білім беру үдерісіндегі рөлі және әрбір оқушының жетістігі үшін ортақ жауапкершілік жайлы талқыланды.

8
Желтоқсан
2025

     Мектепте ата-аналарға арналған Педагогикалық қолдау орталығы аясында сабақтар өткізілді.
  Кездесудің мақсаты — отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, тәжірибе алмасу және балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
  Мұндай іс-шаралар «мұғалім — оқушы — ата-ана» арасындағы біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тұлғалық үйлесімді дамуына бағытталады.
     5–9 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында сабақтар да өткізілді.

8
Желтоқсан
2025

    «№3 ЖОББМ» КММ ата-аналарға арналған ЦППР-дың сабағы – «Даналық мектебі» клубының алғашқы кездесуі өтті. Тақырыбы: «Тайм-менеджмент және өзін-өзі ұйымдастыру».
    Кездесу барысында ата-аналар уақытты тиімді басқару тәсілдерімен танысып, тест тапсырды және өзін-өзі ұйымдастырудың маңызы жайлы ой бөлісті.

8
Желтоқсан
2025

   «3 ЖОББМ» КММ мектебінде «2025/2026 оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
      Жиналыс барысында ата-аналарға мектептің жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттары, тәрбиелік және оқу үдерісіндегі басымдықтары түсіндірілді.
    Сонымен қатар «Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру шаралары» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды.
     Мұндай кездесулер мұғалімдер мен ата-аналардың нәтижелі ынтымақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы бірлескен жұмысты нығайтады.
     10-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында сабақтар да өткізілді.

8
Желтоқсан
2025

     2025 жылғы 5–12 қыркүйек аралығында Павлодар облысы Білім басқармасының Шербақты ауданы Білім бөліміне қарасты КММ «№3 жалпы орта мектебінде» 1–11 сыныптарда ата-аналар комитеттерінің алғашқы отырыстары өтті.
Тақырыбы:
     «Жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және «Адал азаматты» тәрбиелеудегі қауіпсіз мектеп».
Отырыстар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
    1. Мектеп пен ата-аналар комитеттерінің бірлескен жұмысының басымдықтары.
    2. Сынып ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру ерекшеліктері.
    3. Сынып ата-аналар комитетінің төрағасы мен активін сайлау.

8
Желтоқсан
2025

 

Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары ЖҮКТЕУ
Ата-аналармен 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары ЖҮКТЕУ
Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің құрамын бекіту туралы ЖҮКТЕУ

 

© 2025. Все права защищены.