3-сынып оқушысы, Шарбақты ауданының КММ «№3 орта мектебі» Тимощик Дарина, «Ұрпақтан ұрпаққа: Династиялар әлемі» байқауына қатысуда.
Бұл байқаудың мақсаты — отбасылық дәстүрлерге құрмет көрсету, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
👧 Дарина өзінің ардақты арғы атасы — Поляков Владимир Пантелеевич туралы зор мақтанышпен әңгімелейді. Ол — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Отан алдындағы еңбегі үшін көптеген медальдар мен грамоталармен марапатталған тұлға.
🏅 Даринаның отбасы арғы атасынан қалған жәдігерлерді ұқыппен сақтап, жас ұрпаққа отбасылық дәстүрлерді, үлкенге құрмет пен тағзымды аманаттап келеді.
🎉 Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша Дарина 1-орынмен марапатталды, бұл оның еңбегі мен жан-жақты дайындығына берілген лайықты баға болды.




