ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«№ 3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-2-787154
sosh3@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«№ 3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат

Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің «№3 орта жалпы білім береу  мектебі»КММ, Павлодар облысы білім беру басқармасы бойынша 2025 жылға

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер

Павлодар облысы білім беру басқармасының Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің «№3 орта жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) өз құзыреті шегінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – МҚ) – қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіпте жүзеге асырылатын және олардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Аталған Заңға сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер тең қолжетімділік, бюрократизм мен созбалақтыққа жол бермеушілік, есептілік пен ашықтық, сапа мен қолжетімділік, сондай-ақ үдерісті үнемі жетілдіру қағидаттары негізінде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер стандарттарында оларды көрсету рәсіміне қойылатын негізгі талаптар қамтылған, қажетті құжаттар тізбесі, МҚ көрсету мерзімдері мен шарттары, ұйымдар және т.б. айқындалады. Қызмет алушы алған мемлекеттік қызмет сапасына негізделген шағым жасауға құқылы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы маңызды құқықтық акт – регламент болып табылады, ол рәсімді нақты сипаттап, ұйым ішінде бақылауға мүмкіндік береді, осылайша сапа мен тиімділік деңгейін қамтамасыз етеді.

МҚ сапалы және қолжетімді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында мектепте «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын орындауға жауапты тұлғаларды тағайындау туралы» бұйрық шығарылады. Бұйрықта бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтер және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар тізімі көрсетілген.

Ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында аудандық білім бөліміне көрсетілген қызметтердің саны мен сапасы туралы есеп ұсынылады.

Білім беру ұйымында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» атты стенд ресімделген. Ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады. Қызмет алушылардың өтініштерін тіркеу, құжаттарды қабылдау туралы белгілер қою, нәтижелерін беру үшін әрбір қызмет бойынша тиісті журналдар жүргізіледі. Журналдар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіліп, тігілген, нөмірленген, мөрмен және басшының қолымен бекітілген.

 

Мектеп сегіз мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау;

2) Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну;

3) Білім беру мемлекеттік ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұсынуға жолдамаларды беру және құжаттарды қабылдау;

4) Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша оқушыларды ауыстыру және қалпына келтіру;

5) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

6) Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының балаларын үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

7) Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;

8) Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және кері қарай тегін тасымалдауды ұсыну.

Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес көрсетіледі.

2025 жылға көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 137, қағаз және электронды форматта, санаттар бойынша:

- Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру – электронды форматта 3, қағаз форматта 51 қызмет алушы;

- Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұсынуға құжаттарды қабылдау және жолдамаларды беру – қағаз форматта 13 қызмет алушы;

- Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау – қағаз форматта 31, электронды форматта 15 қызмет алушы;

- Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау – қағаз форматта 19 қызмет алушы;

- Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және кері қарай тегін тасымалдау – қағаз форматта 4 қызмет алушы;

- Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының балаларын үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – қағаз форматта 1 қызмет алушы.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мерзімінде орындалады.

Халықты ақпараттандыру мақсатында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат білім беру ұйымының ресми сайтында, мектеп ғимаратының фойесінде келушілер үшін қолжетімді жерде орналасқан стендте орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылдың 9 айында мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

© 2025. Все права защищены.